Қазақстанды 2025 жылға дейін дамыту ұлттық жоспары бекітілді

9 Наурыз 2021, 13:06
Сурет: bbc.com

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді, дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Елдің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарында жаңа экономикалық бағытымыздың негізгі міндеттері мен параметрлері айқындалған. Құжатта аса маңызды салаларды дамыту жөніндегі стратегиялық пайым, коронадағдарыс салдарын жұмсартуға және жаңа экономикалық нақтылық пен ағымдағы жаһандық үрдістер жағдайында экономиканың орнықты, инклюзивті және сапалы дамуын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі саясатты жетілдіру жөніндегі бағдарлар көрсетілген.

Аталған құжат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп әзірленді.

Жоспар халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған түбегейлі институционалдық және салалық реформалар үшін негіз қалайды.

Нақты стратегиялық көрсеткіштердің егжей-тегжейлі картасы ұлттық жоспардың ажырамас бөлігі болып табылады, оған қол жеткізу үшін экономиканың өзіндік жеткіліктілігін арттыру, әртараптандыру, инвестицияларды таргеттелген тарту, экспортты белсенді ілгерілету, жеке кәсіпкерлікті қолдау және кешенді дамыту арқылы оның жаңа құрылымын қалыптастыру бойынша нақты шаралар қабылданады.

Денсаулық сақтау мен білім беру қызметтерін жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, нәтижелі жұмыспен қамтуға және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылатын болады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа құралы болып табылатын "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы" Жарлыққа қол қойды.

Жалпыұлттық басымдықтар (ЖҰБ) үш түйінді бағыт бойынша 10 нақты міндетті білдіреді: азаматтардың әл-ауқаты, институттардың сапасы және күшті экономика құру.

Әңгіме жақын келешекте реформалар жүзеге асырылатын он бағыт туралы болып отыр: әділ әлеуметтік саясат, денсаулық сақтаудың қолжетімді және тиімді жүйесі, сапалы білім беру, азаматтардың мүдделерін қорғауға арналған әділ және тиімді мемлекет, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, патриотизм құндылықтарын дәріптеу, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, әртараптандырылған инновациялық экономика құру, экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту және теңгерімді аумақтық даму.

Ұлттық даму жоспарының және жалпыұлттық басымдықтардың барлық индикаторлары бүкіл мемлекеттік аппарат жұмысының өзекті бағыттарын айқындайды. Көрсетілген стратегиялық құжаттарды іске асыру қазіргі кезеңнің сын-қатерлерін еңсеруге бағытталған және ортамерзімдік перспективада елдің халықтың өмір сүру сапасы мен табысының нақты өсуімен қатар жүретін орнықты және сапалы экономикалық өсу траекториясына шығуын қамтамасыз етуге арналған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?