Электр энергиясын қымбаттатуға қатысты министрлік түсінік берді

9 Наурыз 2021, 15:24
Сурет: Pixabay

9 наурыз, сейсенбіде Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтері көтерілуі мүмкін деген ақпарат пайда болды. Энергетика министрлігі бұл мәліметке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрлік 2020 жылдың қыркүйегінде өздеріне электр энергиясының максималды тарифтерін түзетуге 37 энергия өндіруші ұйымнан (тарифтің шекті белгілері белгіленетін 45 ұйымның) өтініш келіп түскенін айтты

Энергия өндіруші ұйымдардың бұл құқығы Электр энергетикасы туралы заңнамада көрсетілген. Осы заңның 12-1 бабы, 2-тармағына сәйкес. электр энергиясы өндірісінде отын ретінде пайдаланылатын көмір, газ, күкірті бар шикізат, мұнай, сондай-ақ мемлекеттік реттелуге жататын технологиялық қажеттіліктерге пайдаланылатын судың бағасының өзгеруіне байланысты шекті тарифтер түзетуге жатады, - деп түсіндірді Энергетика министрлігі.

2020 жылы және 2021 жылдың басынан бастап энергия өндіруші ұйымдардың келесі шығындары өсті:

- отын құнының өсуі (Қаражыра көмірінің бағасы - 8,6%, "Богатырь Көмір" ЖШС көмірінің бағасы 2020 жылы 9,9%, оны тасымалдау құны 7% көтерілді);
- жаңартылатын энергия көздері өндіретін электр энергиясын міндетті түрде сатып алу көлемінің ұлғаюы (2021 жылы оның көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 68% өсті, жаңартылатын энергия көздерінің құны 49% өсті);
- бюджетке төленетін міндетті төлемдер шығындарының АЕК-тің өсуіне байланысты өсуі (2020 жылы ол 2 778 теңге болса, 2021 жылы - 2 917 теңге);
- газ тасымалы бағасының өсуі;
- күрделі-жөндеу жұмыстары құнының өсуі.

Сонымен қатар, қазіргі кезде электр энергиясы желілерінда орын алатын ақаулар көбейді, тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының төмендеуі және Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің көрші елдерге тәуелділігінің арту жағдайлары көбірек екені атап өтілді. 2020 жылы Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде 4 458 технологиялық бұзушылықтар орын алды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтар саны 448-ге немесе 11% -ға өсті.

Бүгіндері Энергетика министрлігі табиғи монополияны реттеу комитетімен және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясының шекті тарифтерін түзету мәселесі бойынша жұмысты жалғастыруда. Оларды қарастырған кезде министрлік әр жағдайға жеке тәсіл қолданатын болады. Энергетика министрлігінің құзыретіне жеті жылдық кезеңге энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге шекті тарифтерін бекіту мәселелері кіретіндігін атап өткен жөн. Жалпыға арналған тарифтерді түзетумен Ұлттық экономика министрлігі айналысады, - делінген хабарламада.

Электр энергиясының тарифтерін көтеру жобасын талқылау 25 наурызға дейін жалғасады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?