"Орыс Прадосы" құрдымға кетті

9 Наурыз 2021, 15:27
Сурет: kolesa.kz

Жоба ресми түрде тоқтады. Зауыт болашақта шетелдік машиналарды шығаруы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Prado-ны жайына қалдырайық. Ал жобаға келер болсақ, біз оны толығымен жапқан жоқпыз. Пандемия үшін даму стратегиясын өзгерттік. Жоспарды тұтастай қайта құрғанымызбен, ештеңені жаппаймыз! — деді Ульянов автомобиль зауытының бас директоры Адиль Ширинов 73online.ru сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, "Патриот" жол талғамайтын көлігінің жаңа буыны саналатын "Орыс Прадосы" жобасы Sollers холдингі басшысының (оған УАЗ кіреді) ұсынысы бойынша қолға алынған. Жаңа автокөліктің сыртқы көрінісі өзгеше, салоны кең болады деп жоспаланды. Сонымен қатар жаңа рама, тәуелсіз серіппелі аспа, ЗМЗ турбомоторы мен Ford-тың турбодизелін орнатуды көздеген. Жаңа "Патриоттың" сериялы өндірісі 2021 жылдың соңында басталуы керек еді. Бірақ жоба күтпеген жерден тоқтатылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?