ШҚО-да сотталған әйелдер рақымшылық заңына үміттенуде

9 Наурыз 2021, 16:29
Сурет: ШҚО ҚАЖ Департаменті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мемлекет тарапынан берілген үміт ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті басшылығымен, қоғамдық бірлестіктермен талқыланып, бірінші кезекте 8 наурыз қарсаңында жазасын өтеп жатқан әйелдерге таныстырылды.

Бүгінде ШҚО-дағы әйелдер түрмесіндегі 200-ден астам әйел жазасын өтеп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сотталушыларға рақымшылық жасалатынын айтқан кездің өзінде - ақ мұндағы әр бір сотталған әйелдің бойында үміт пайда болған.

Рақымшылық заңы талқыланып, құжат қабылданған соң қандай санаттағы сотталушылар жауапкершілік пен жазадан босатылатыны туралы мәлімет бірінші кезекте сотталған әйелдерге түсіндірілді. Әйелдер үшін 8 наурыз мерекесі қарсаңында бұл қуанышты жаңалық үміт отын жаққандай болды, - деді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.

"Мереке қарсаңында кішкене болса үміт алдым. Бәріміз де анамыз ғой, бұл жерден босап, балаларымның жанына барып, жаңа өмір бастасам деймін. Қуанышымызды бөлісейік деген оймен "8 марта" деп флешмоб жасадық, - деді сотталған Мадина.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?