Түркістаннан Стамбұлға тікелей ұшақ қатынайды

10 Наурыз 2021, 10:28
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған әуежайдан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билеттер сатыла бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Түркістан – Стамбұл – Түркістан" бағытындағы алғашқы ұшақ 2021 жылғы 21 наурызда көкке көтеріледі деп жоспарланып отыр.

Бастапқыда Түркістан және Стамбұл қалалары арасындағы әуе қатынасы аптасына тұрақты түрде жұма, жексенбі күндері 2 реттік жиілікпен қойылып отыр. Кейін аптасына 7 рейске дейін ұлғайып, күн сайын ұшпақ.

Билет бағасы 39 999 теңгеден басталады.

Әуе қатынасы кезінде барлық тиісті санитарлық-эпидемиялық талаптар қатаң сақталады. Ұшу кестелері "FlyArystan" әуе компаниясының ресми сайтында жарияланып тұрады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?