Нұр-Сұлтан-Қостанай жолы қашан кеңейтілетіні айтылды

10 Наурыз 2021, 16:01
Сурет: oadstravel.ru

Қостанай облысында Қостанай – Нұр-Сұлтан және Қостанай – Троицк (РФ шекарасы) автожолдарында ашық ақылы жүйесін енгізу мәселесі жөнінде қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыс орталығында, сондай-ақ Әулиекөл, Федоров, Қарабалық, Қарасу және Қостанай аудандарында өткен тыңдау барысында "Қазавтожол" ұлттық компаниясының өкілдері аталған жолдар 2-техникалық санатқа жататынын, сондықтан жеңіл автомобильдердің жүруі тегін болып қала беретінін хабарлады.

Сонымен қатар, компания мамандары республикалық маңызы бар Қостанай – Нұр-Сұлтан тас жолын кеңейту мүмкіндігіне қатысты халықтың сұрағына жауап берді. Азаматтардың айтуынша, осы тар жолмен ауыр жүк көліктері жиі жүреді. Соның салдарынан аймақта жол апаты көп болады.

"Қазавтожол" компаниясының өкілдері егер осы жол арқылы өтетін көлік ағыны 30%-дан асатын болса, жол екі есе кеңейтіледі деп мәлімдеді.

"Автомобиль жолдарының мемлекеттік стандартына (ҚР СТ 2025-2010) сәйкес, төрт жолақты жол тәулігіне қарқыны 7 мыңнан астам көлік жүріп өтетін 1-техникалық санатқа жатады.

Қазіргі уақытта Қостанай – Нұр-Сұлтан автожолының жүктемесі тәулігіне 5 мың автомобильден аспайды. Бұл 2 немесе 3-санаттағы екі жолақты жолға қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

Сондықтан, қосымша жолақтар салу туралы шешім қабылдау үшін көрсетілген учаскедегі қозғалыс қарқындылығы кем дегенде 30%-ға артуы керек", - деп түсіндірді ұлттық компания мамандары.

Айта кету керек, тыңдау барысында жергілікті тұрғындар "ҚазАвтоЖол" басшылығына жолдаған ұсыныстарын хаттамаға енгізуді талап етті. Атап айтқанда, облыс ауымағында ауыл шаруашылығы техникасының, коммуналдық қызмет пен азық-түлік тауарларын тасымалдайтын және басқа да жергілікті жүк көліктерінің ақылы жолдармен тегін жүруін қарастыруды сұрады.

Халықтың пікірінше, мұндай жеңілдік коммуналдық қызметтер мен азық-түлік бағасының күрт өсуіне тосқауыл болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?