Тоқаев Фрэнсис Фукуяманы Қазақстанға шақырды

Ақорда Ақорда
Тараптар әлемдік дамудың заманауи үрдістерін және коронавирустан кейінгі кезеңде геосаясат тәртібін жаңғыртудың келешегін талқылады.

Мемлекет басшысы халықаралық қатынастар саласындағы белгілі америкалық сарапшы, Стэнфорд университетінің профессоры Фрэнсис Фукуямамен бейне байланыс арқылы кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Тараптар әлемдік дамудың заманауи үрдістерін және коронавирустан кейінгі кезеңде геосаясат тәртібін жаңғыртудың келешегін талқылады.

Сондай-ақ COVID-19 пандемиясынан жинақталған тәжірибені ескере отырып, әлемдік экономиканың технологиялық тәртібін өзгертудің негізгі факторлары және халықаралық байланыстардың өзгеруін өзектендіру мәселелері талқыланды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-03/1615376091_tokaev-fukuyama.jpg

Президент америкалық ғалымға Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар, еліміздің сыртқы саясаттағы негізгі басымдықтары, соның ішінде, Орталық Азия аймағына қатысты ұстанымдары туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев әңгімелесу соңында эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін Фрэнсис Фукуяманы Қазақстанға келуге шақырды. Профессор өз кезегінде Мемлекет басшысына кездесу үшін алғыс білдіріп, болашақта халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша өзара табысты ынтымақтастық орнататынына сенім білдірді.

Анықтама: Фрэнсис Фукуяма – политологияның құрметті профессоры, Мосбахер институтының Демократия, даму және құқық үстемдігі мәселелері орталығының директоры, Стэнфорд университетінің Ф.Спольи атындағы Халықаралық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері. Бірқатар іргелі зерттеу жұмыстары топтамасының және әлемнің жетекші басылымдарында жарияланған ғылыми мақалалардың авторы. Сондай-ақ беделді Foreign Policy журналы оны бірнеше рет Әлемнің үздік 100 ойшылының тізіміне енгізген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз