Қостанай облысында 30 жастағы келіншек коронавирустан көз жұмды

11 Наурыз 2021, 10:06
Сурет: Pixabay

Қостанай облысында қар құрсауында қалған ауылға жәдел жәрдем дер кезінде жете алмай, 30 жастағы келіншек жан тапсырды. Оған инсульт және коронавирус диагнозы қойылды, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Қостанай облысында жедел-жәрдем қар құсауында қалып, науқасқа дер кезінде жете алмаған. Ауыр халдегі ауыл тұрғынын, төтенше жағдай департаментінің жедел-құтқару жасағы тас жолда қалған медициналық көлікке апаруға мәжбүр болды. Алайда 30 жастағы келіншек жан тапсырды. Жедел жәрдем мамандары, наурыздың тоғызы күні Рыспай ауылына шақыртумен аттанған. Бірақ елді-мекенге дейінгі тас жолдағы қалың қардан жүре алмаған. Көмекке төтенше жағдайлар мамандары келіп, олар жол талғамайтын көлікпен науқасты алып шыққан. Ауыл әкімі, дәрігерлер батып қалған жол өзіне қарамайтынын айтып, ақталды.

Нұрғиса ИСМАҒАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ АУДАНЫ ЗАРЕЧНЫЙ АУЫЛДЫҚ ОКУРГІНІҢ ӘКІМІ:

Жаңағы жол 9 км аудандық жолға кіреді. ЖКХ тазалайды оны. Сол күні түнде ЖКХ бізге хабар берді. Жол тазарды деп. Таңертең боран болған соң техника жіберген. Мен сағат он кезінде барғанда жолды тазартып жатты. Аржағында скорый тұрды. Жедел жәрдем әйелді облыстық ауруханаға жеткізген, бірақ ес-түссіз болғанын айтты.

Бірден жансақтау бөліміне жатқазылғанымен, ажалға араша бола алмаған. Марқұмға инсульт және коронавирус диагнозы қойылған дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?