Бішкекте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған концерт өтті

11 Наурыз 2021, 16:53
Сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Бішкекте Абдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ұлы ақын, әлемдік деңгейдегі ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Абай ақынға мың тағзым" атты концерт өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қырғыз Республикасы Президентінің Іс басқарушысы Сүйінбек Қасмамбетов, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары Алимжон Мирзаев, елшілік өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.

Сүйінбек Қасмамбетов Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың хакім Абайдың 175 жылдығына арналған құттықтау хатын оқып беріп, Ақтоты Райымқұловаға табыстады.

Қайрат Иманалиев ұлы ағартушы, қоғам қайраткерінің өмір жолына тоқталып, Абай шығармашылығы Қырғызстанда да танымал екенін, күні бүгінге дейін қырғыз сахнасында жырлары жаңғырып жатқанын жеткізді.

Өз кезегінде Ақтоты Райымқұлова Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шараға қатысушыларға алғыс айтты.

Айта кетейік, концертке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Түркия өнерпаздары қатысты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?