Көлік ұрламақ болған екеудің киноға бергісіз түнгі шым-шытырман оқиғасы

12 Наурыз 2021, 11:38
Сурет: видеодан алынды

Нұр-Сұлтанда көлік ұрламақ болғандар видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды zakon.kz.

Елорда тұрғыны полицияға белгісіз біреулер көлігінің салонынан жеке заттарын ұрлап кеткеніне арызданды.

Тергеу барысында, алкогольдік ішімдік ішіп, әбден марқайған достарда қара ой туындағаны анықталды. Оңтүстік-Шығыс ауданда отырған олар түн ортасында көлік ұрламақ болып шешеді. Каскөйлердің таңдауы "ВАЗ", "Лада" сынды басқа да маркалы ескі көліктерге түскен, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Полиция түнде күдіктілер алты автокөлікті ұрламақ болғанын, бірақ олардың әрекеттері нәтиже бермегенін анықтады.

Бір көлікті ашқан 23 жастағы жігіт рөлге отырады. Келесі көшеге жеткенде аккумулятор "отырып" қалады. Қаскөйлер басқа көліктің аккумуляторын алып, оған қосады, бірақ машинаны іске қоса алмайды. Содан кейін олар ресейлік нөмірлі машинаны көріп, оны іске қосуға тырысты, бірақ ол да сәтсіз болады. Олар көлікті тұтану сымдарын қосу арқылы іске қоспақ болған, деп хабарлады полициядағылар.

Күдіктілер кілті салон ішінде қалып кеткен Volkswagen Golf көлігімен қашып үлгереді. Бірақ қала орталығына жеткенде көлік сөніп қалады, сондықтан жастар оны итеруге мәжбүр болады. Олар жақын маңдағы Mercedes-Benz жүргізушісінен ток өткізгіш сұрайды, сөйтіп көлікті дүрілдетпек болады, бұл жайт сыртқы бақылау камерасының объективіне түскен.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер Нұр-Сұлтан қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?