Заңгерлер "митингке шығамыз" дегенде Мәжіліс қорқып кетті

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2021 19:05 Ж.Құспанов
Депуттаттар адвокатура туралы заң жобасының кейбір нормаларын қайта қарайды.

Адвокаттар қызметі мен құқықтық көмек мәселелері туралы заң жобасының кейбір нормалары қайта қаралатын болды. Бұл ақпаратты Мәжілістің заң шығару және сот-құқық реформалары жөніндегі комитеті төрағасы Қанат Мусин жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі Бюро отырысында өз түзетулерімен Сенат қайтарған "Адвокаттар қызметі мен құқықтық көмек мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды. Біздің ойымызша, ондағы бірқатар түзетулер заң жобасының концептуалды нормаларына тиіп кеткен және Мәжілістің көзқарасымен үйлеспейді. Соған байланысты, алдағы уақытта Мәжіліс пен Сенат депутаттарынан құралған келісімдік комиссия құрылып, заң жобасындағы келіспеушілік тудырған жекелеген нормалар қайта қаралады, оның ішінде Республикалық заң кеңесшілері алқасына өз еркімен мүшелікке кіру мәселесі де қарастырылады, - деп жазды Қанат Мусин.

Бұған дейін баспасөзда тараған ақпаратқа сенсек, Әділет министрлігіндегі "бір дөкейлер" қоныштан басып, заң-законды кәсіп еткен тәуелсіз заңгерлер мен "заң білгіштердің" бәрін міндетті түрде бір ұйымға тіркеу туралы заңды тықпалап, оның қабылдануына күш салуда.

Заңгерлер мен адвокаттардың мұндай қауымдастығы неге керек десеңіз, оның мүшелері жарна төлеуге міндетті болмақ. Ал елімізде қанша адвокат пен заңгер бар екенін ескерсек, әлгі ұйым мүшелерінің төлейтін жарналары жүздеген миллион теңгенің үстіне шығатыны айдан анық. Бұл дайын тұрған өте табысты бизнес.

Бірақ тәуелсіз заңгерлер мен адвокаттар бұған жай қарсылық қана білдірумен шектелмей, митинг түріндегі нақты әрекеттерге көше бастаған.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: