Ақтөбе облысында жәдел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды

12 Наурыз 2021, 14:56
Сурет: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбе облысында тас жолда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, қаза тапқан адам бар, деп хабарлайды zakon.kz.

11 наурызда сағат 09: 00-де 29-жастағы Honda CRV автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Қандыағаш бағытында Ақтөбе-Астрахан тас жолының 74-шақырымындағы Мұғалжар ауданы, Ақкемір ауылының маңында 46 жастағы жүргізуші тізгіндеген Темір аудандық ауруханасына тиесілі, қарсы бағытта келе жатқан УАЗ автокөлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан Қандыағаш орталық аудандық ауруханасына жатқызылған Honda CRV автокөлігінің 54 жастағы жолаушысы есін жимастан қайтыс болды. Honda CRV жүргізушісі мен УАЗ жедел жәрдем көлігінің медбикесі орталық аудандық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментіндегілер.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?