Адам шығыны орын алған суыт хабарды қайғыра қабыл алдым - Елбасы

inbusiness.kz inbusiness.kz
13 наурызда кешкісін Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан AН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, Алматы әуежайына шұғыл қонған. Төрт адам қайтыс болды, екеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы әуе апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Елбасы сайты хабарлағандай, Қазақстанның Тұңғыш Президенті АН-26 әскери ұшағы апатынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

"Алматы әуежайында ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан адам шығыны орын алғаны туралы суыт хабарды қайғыра қабыл алдым. Қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына және жақындарына қайғыларына ортақтаса отырып көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін", - делінген Елбасының жеделхатында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз