Ұшақ апаты. Ауруханада жатқандар жайлы мәлімет жарияланды

15 Наурыз 2021, 13:19
Сурет: Pixabay

Алматыдағы No4 қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жандос Дәулетбеков әуе апатында жарақат алған ҰҚК қызметкерлерінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, әзірге ешқандай өзгеріс жоқ.

Зардап шеккендерді емдеп жатыр, бірақ жағдайлары өте ауыр. Науқастардың бірі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қандай да бір болжам айтуға әлі ерте. Дәрі-дәрмектер жеткілікті. Түнде барлық жетекші сарапшылар шақырылды, кеңестер берілді, - деді Дәулетбеков.

13 наурызда Алматы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады. Төрт адам қаза тауып, жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқыс оқиғаға байланысты көңіл білдірді. Мемлекет басшысы әуе апатының себебін анықтауды тапсырды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?