Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

15 Наурыз 2021, 14:24
Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуал жөнінде пікір алмасып, стратегиялық маңызы зор өңірдегі қауіпсіздікті, тұрақтылықты және өркендеуді қамтамасыз ету мақсатында ауқымды әрі жемісті ынтымақтастыққа екі тараптың да мүдделі екенін нақтылады. Екі елдің үкіметтері өзара сауда-экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін шешу бойынша келісілген жұмыстарды жалғастыра береді, делінген Ақорда сайтында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайы маңында орын алған әуе апатынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтқаны үшін Өзбекстан басшысына ризашылығын білдірді.

Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан халықтарына бақ-береке тіледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?