Тоқаев халықаралық шарттар туралы заңға қол қойды

15 Наурыз 2021, 15:32
Сурет: kapital.kz

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Заңда ратификацияланған халықаралық шарттардың тікелей қолданылуы туралы, көпшілікке халықаралық шарттардың мәртебесінің өзгеруі туралы хабарлау туралы нормалар енгізілген.

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді алдында түсіндіріп өткендей, заң халықаралық шарттарды тоқтату тәртібін реттеудегі олқылықтың жойылуын қамтамасыз етеді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?