Қазақстан Президентінің сайты жаңа форматта іске қосылды

15 Наурыз 2021, 17:47
Сурет: Ақорда

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми Аkorda.kz сайты жаңа форматта іске қосылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

"Ресми сайттың дизайны мен құрылымы жаңартылып, әсіресе, пандемия жағдайында өзекті болып отырған онлайн-трансляцияларды өткізу мүмкіндігі іске қосылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтына және Президенттің Баспасөз қызметінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтемелер сайттың негізгі бетінде көрсетілген. Сайттың техникалық сипаттамалары біршама жаңартылды. Атап айтқанда, платформа жаңартылып, веб-сайттың жылдамдығы артты, тұтынушылар үшін парақшаның ашылу уақыты қысқарды, сайттың ішкі компоненттері, деректер қоры және бағдарламалық кластерлер жұмысының ыңғайлы әрі жедел болуын қамтамасыз ететін заманауи бағдарламалық негіздер орнатылды" деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ ол Қауіпсіздік Кеңесінің жаңалықтары енді жаңа тарауда жарияланатынын атап өтті. Сонымен қатар мұрағаттағы ақпараттарға да қол жеткізу тетігі жетілдірілді.

Айта кетсек, Қазақстан Президентінің сайты соңғы рет 2015 жылы жаңартылған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?