Оқушылар арасында да КВИ жұқтырғандар анықталып жатыр - министр

16 Наурыз 2021, 11:23
Сурет: Хабар 24

Республикамыздағы оқушылар арасында тіркелген COVID-19 жағдайлары жалпы оқушылар санының 0,2% -нан аспайды. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Офлайн оқытуды біртіндеп іске қосуды ескере отырып, біз күн сайын мектеп оқушыларының аурушаңдығына мониторинг жүргізіп отырмыз. Мектеп оқушылары арасында КВИ жағдайлары кездесіп жатыр. Республикамыз бойынша ауру жұқтырған балалар саны жалпы оқушылар санының 0,2% -нан аспайды. Қазіргі уақытта карантиндік шаралар аймақтардағы және мектептегі аурушаңдықты жекелей зерттей отырып, әртүрлі қолданылады, - деді Цой.

Оның айтуынша, білім беру нысандарын оффлайн режимінде оқуға дайындау мақсатында карантин режимінің талаптарына сәйкестігіне байланысты 3 266 тексеру жүргізіліп, 282 мектепте заң бұзушылықтар анықталды немесе 8,6%. Қазіргі уақытта барлық анықталған тәртіп бұзушылықтар жойылды.

Сонымен қатар, оффлайн режимде оқитын оқушылардың көбеюіне байланысты аумақ әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына және білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын-алу жөніндегі негізгі шаралардың орындалуына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету қажет, таңертеңгі сүзгі, қызметкерлердің бетперде тағу режимін сақтауы, кабинет тазалығы және дезинфекциялау үнемі бақылауда болуы тиіс, - деді министр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?