Қазақстаннан сиыр мен қой әкетуге уақытша тыйым салынды
venturesafrica.com
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 11 наурыздағы №68 және ҚР Қаржы министрінің 2021 жылғы 11 наурыздағы №207 бірлескен бұйрығы шықты, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұйрықпен Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге әкетуге тыйым салынған тауарлар тізбесі бекітілді.
Ол тізбеге ірі қара малдың аналық басы мен ұсақ малдың аналық басы енді.
Бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript