Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасына басшы тағайындалды

16 Наурыз 2021, 16:15
Сурет: gov.kz

Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы басшысы болып Медет Ысқақов тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медет Ысқақов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Алматы экономика және статистика академиясын тәмемдаған.

Еңбек жолын Мәртөк балалар мектебінде бастады. Әр түрлі жылдары "Оқжетпес" республикалық балалар лагерінің мәдени ұйымдастырушысы, директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары, Мәртөк ауылдық өнер мектебінің директоры болды.​

Сондай-ақ, Мәртөк ауданы Қаратоғай ауылының әкімі, Мәртөк ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары болды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?