Түркіменстан "Еңбегі сіңген ит асыраушы" деген құрметті атақ енгізді

17 Наурыз 2021, 08:58
Сурет: Vyacheslav Sarkisyan (Reuters)

Түркіменстан парламенті "Еңбегі сіңген ит асыраушы" және "Халықтық ит асыраушы" деген құрметті атақтармен марапаттау жөнінде заң жобасын қабылдады.

Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады.

Депутаттар бұл атақтарды ел президенті Гурбангулы Бердымухаммедовтің "ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау" тапсырмасымен байланыстырады. Президент ит асыраушыларға берілетін медальдың таным белгілерін жеке өзі қараған.

Түркіменстандағы мемлекеттік медиа мемлекет басшысын алабай тұқымдас итті жақсы білуші ретінде насихаттауды жалғастырып жатыр. Бердымухамедов олар жайында кітаптар да жазған, өлең, ән де арнаған.

Былтыр 10 қарашада Ашғабадта алабай итіне алтын жалатқан ескерткіш ашылды. Президенттің ұлы түркімен алабай қауымдастығын басқарады.

Бірақ жергілікті билік иесіз иттер мен мысықтардың көзін жоюды жалғастырып жатыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?