Жаңалықтар тізбегі
0

Almaty Management University (AlmaU) инновациялық университеттердің ғаламдық желісіне қосылды

ASU, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2021 23:00 ASU
ASU моделін жоғарғы білім беру саласының әлем таныған эксперті Майкл Кроу қалаған.

AlmaU Орталық Азия мен Қазақстанда жоғарғы білімге деген қарқынды өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру мақсатында академиялық бағдарламаларын кеңейтетіні туралы мәлімдеме жасады. Осы бастама аясында университет Cintana Education альянсына (АҚШ) қосылды. Бұл AlmaU студенттеріне әлемнің ең инновациялық жоғарғы оқу орындарымен серіктестіктің артықшылығын қолдануға мүмкіндік береді.

Студенттер алдыңғы қатарлы оқу бағдарламасы мен оқыту тәжірибелерінен артықшылық алу ғана емес, сонымен қатар Альянстың жетекші серіктесі Arizona State University (ASU) дипломын алуға мүмкіндігі бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2021 23:00

AlmaU президенті Асылбек Кожахметовтің пікірінше: "Орталық Азия сын кезеңді басынан кешіруде: болашақ ұрпақты білім беруге стратегиялық тұрғыдан қарап, әрі батылдық танытуымыз керек. Осы міндетті шешудің бірден-бір жолы ASU сияқты білім беру, зерттеу мен технологияда өзінің инновацияларымен әлемде кеңінен танымал серіктес табу".

Cintana Education-ге қосылу үшін AlmaU 100-ден астам қазақстандық жоғарғы оқу орындарының арасынан іріктеліп алынды. Альянс Cintana Education мен ASU арасындағы серіктестіктен туындаған. ASU АҚШ ең инновациялық университеті (US News and World Report мәліметі бойынша) және әлемнің ең беделді университеттерінің бірі атанған (Times Higher Education мәліметі бойынша). ASU 40 мыңнан астам студентті онлайн платформасында оқытады.

ASU моделін жоғарғы білім беру саласының әлем таныған эксперті Майкл Кроу қалаған. ASU моделінің философиясы жоғарғы білім беру әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан студенттерге қол жетімділігін арттыруға, және өзі қызмет көрсететін қауымдастықтың экономикалық және әлеуметтік ахуалына университеттің іргелі жауапкершілігіне негізделген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2021 23:00

"Әлеуметтік ұтқырлықтың ең керемет құралдарының бірі – сапалы білім беру, бірақ басым көпшілік аймақтарда оның тапшылығы орын алған. Осы тұрғыда аймақтағы экономикалық трансформация мен жоғары білім беру жүйесінің қатар жүруіне ат салысқан AlmaU кәсіпкерлік көшбасшылықты көрсетіп отыр", - ASU ғаламдық академиялық бастамалары бойынша аға вице-президенті Стефани Линдкуист деп атап өтті.

Cintana Education мүшесі ретінде AlmaU ұстаздары мен студенттері ASU репозиториін (оқыту материалдары жиналған әлемдегі ең ірі онлайн-платформа) қолдануға және университеттің цифрлық оқыту және әлемдік деңгейдегі зерттеулерді ұйымдастыру тәжірибесінен үйренуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар ASU дипломын алуға мүмкіндігі бар. AlmaU ұжымы Cintana-ның көп жылдар бойы әлемнің әр түпкірінде университетерді құру және дамыту бойынша жиналған мол тәжірибесі бар экспертерімен жұмыс жасайды.

ASU мен AlmaU серіктестігі отандық жоғарғы білім беру жүйесінің нығаюына және Қазақстан брендінің халықаралық ғылыми және академиялық ортада танымалдығының артуына ықпалын тигізетіні сөзсіз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: