АҚШ Ресейге Навальныйдың улануына байланысты жаңа санкция салды

18 Наурыз 2021, 08:49
Сурет: Shutterstock

АҚШ-тың Сауда министрлігі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың және Сергей Скрипаль мен қызы Юлияның улануына байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Бұл туралы мекеменің ресми сайтында жарияланды, дейді Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Өлкенің ішінде де, сыртынды да улы заттарды қолдану арқылы Ресей үкіметі Химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенция міндеттерін бұзды. Сонымен бірге ресейліктердің және шетелдіктердің өміріне қастандық жасады, - деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Санкциялар 18 наурызда күшіне енеді. Шектеулер ұлттық қауіпсіздікке қатысты тауарларды, жабдықтарды, технологияларды және бағдарламалық қамсыздандыруды Ресейге экспорттау және реэкспорт жасауға қатысты.

Наурыз айының басында АҚШ Навальный ісіне байланысты Ресейдегі, Германиядағы және Швейцариядағы 14 ұйымға қарсы санкция салған. Ол тізімге Ресейдің қорғаныс министрлігіне қарасты 27 ғылыми орталық, "Химмед", "Фемтеко", "Интерлаб", "Лабинвест", "Аналит продактс", "Интертех инструментс", "Рау фарм", "Регионснаб" және "Фармконтракт" компаниялары кірген. Вашингтон бұл ұйымдардың жаппай жоқ қылуға және химиялық қаруларды әзірлеуге қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Оған дейін АҚШ-тың қаржы министрлігі Навальный ісіне байланысты Ресейдегі жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы санкция енгізген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?