61 жасында Танзания президенті Джон Магуфули қайтыс болды

18 Наурыз 2021, 09:02
Сурет: vesti.ru

Танзания президенті Джон Магуфули 61 жасында көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты елдің вице-президенті Самиа Сулуху Хассан растаған.

Бұған дейін танзаниялық оппозициялық саясаткер Тунду Лиссу коронавирустан Кенияда емделіп жатқан президенттің Үндістанға жеткізілгенін мәлімдеген. Ал өз дереккөздеріне сілтеме жасаған Financial Times газеті Магуфулидің төсек тартып жатқанын жазған болатын.

Бірақ елдің ресми билігі президенттің Covid-19 жұқтырғанын мойындамай келген.

Магуфулидің өзі де елде коронавирус жоқ деуден таймай келген. Танзанияның денсаулық сақтау министрлігі Covid-19-ға қарсы вакцина сатып алу жоспары жоқ екенін мәлімдеген.

ДДСҰ деректерінше, Танзания 2020 жылдың мамырынан бастап коронавирус жұқтыру мен өлім деректері туралы еш хабар бермей келді. ДДСҰ-ның есебінше, елде Covid-19 жұқтырудың 509 дерегі мен 21 кісі өлімі тіркелген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?