Сәуірде 1 млн-нан астам адамға вакцина салу жоспарлануда – Цой

facebook.com facebook.com
Республика бойынша халықты КВИ-ге қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау жалғасуда.

Бүгінге дейін Қазақстан өңірлеріне 145 мың доза вакцина жеткізілді, биыл наурыздың соңына дейін қосымша 150 мың дозаны жеткізу күтілуде, деген ақпарат жарияланды ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың facebook-тегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша 100 мыңнан астам адам егілді, оның ішінде 63 мыңнан астам медицина қызметкері, 22 мың педагог, күш құрылымдарының 7 мың қызметкері, 8 мың – азаматтардың басқа санаттары. Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің ауыр жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл ретте егілген адамдардың 1%-ында күтілетін реакциялар, мысалы, дене температурасы көтерілген тұмауға ұқсас жай-күйлер, жалпы әлсіздік, сондай-ақ вакцина енгізілген жердің ісінуі және қызаруы түріндегі жергілікті көріністер тіркелуде, делінген жазбада.

Министрдің ақпаратынша, халықты одан әрі иммундау мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында 1 млн-нан астам азамат вакцинацияланатын болады.

Осыған байланысты созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған, 65 жастан асқан адамдарды, сондай-ақ азаматтардың басқа да санаттарын қоса алғанда, вакцинациялауға жататын халық топтарын кеңейту көзделуде. Вакцинация КВИ-мен күресудегі ең тиімді шара болып табылады, делінеді хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз