Ауыл тойханасында 50 адамдық жасырын той тоқтатылды

19 Наурыз 2021, 16:21
Сурет: ТО ПД баспасөз қызметі

Сарыағаштық тәртіп сақшылары Келес ауылында орналасқан тойханалардың бірінде жасырын өтіп жатқан "Бесік тойдың" үстінен түсті. Полицейлер бірден келген қонақтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тарқатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Карантинге қарамастан 50-ге жуық қонақтың жиналуына жол бергендерге шара көру мақсатында, жинақталған іс-құжаттары Сарыағаш аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Осылайша той иесі мен тойхана әкімшісіне Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Тағы да айта кетер жайт, COVID-19 індетінің көлемді таралуына байланысты елімізде карантин режимі енгізілген болатын. Осы тұста Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлерімен 2021 жылдан бастап ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу" бойынша жалпы 90-нан аса жайт тіркеліп, СЭББ-ге жолданған.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері күнделіктіқарқынды жұмыс жүргізуде. Тәртіп сақшылары ойын-сауық, сауда-саттық орындарын бақылауда. Адамдар көп шоғырланатын жерлерде карантин талабының сақталуын назарға алуда. Тұрғындарға сыртқа шығар алдын медициналық бетперде мен антисептик қолдануды естен шығармауды талап етуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?