Ақтөбелік сынықшы шыққан қолды онлайн салып береді

29 Наурыз 2021, 10:45
Сурет: видеодан кадр

Онлайн сынықшы дегенді естуіңіз бар ма? Бұрын естімегеніңіз анық, бірақ пандемия келгелі осындайды да еститін болдық. Ғаламтордағы ақпарат құралдары Ақтөбелік емші Бағдагүл Лепесованы осылай деп айдарлап жіберген, дейді Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Соңғы бірнеше жыл бойына сынық салып жүрген Бағдагүл ханымға кейін тағы бір қасиет дарыған. Аталар келіп, аян береді екен. 15 жасар бозбаланың тайып кеткен иығын сынықшы уотсап арқылы онлайн салған деген ақпарат осыдан шықса керек. Бұл не қылған құдырет, сиқыр ма әлде мистика ма?

Бағдагүл Лепесова туралы соңғы екі аптада жазбаған ақпарат құралы жоқ сірә. Әсілінде ол бұрыннан сынық салатын. Бірақ осы жолы Ақтөбелік емшіні Алты Алаш таныды. Оған себеп, Бағдагүл ханым нәрестенің шығып кеткен иығын қашықтан салып берген.

Бағдагүл Лепесова, емші:

Қолы действительно шығып кетіп, салбырап тұр екен иығы баланың. Көрініп тұр енді, маған енді бірақ қолым алыста, видео. И ананы Бағдагүл ханым әруағыңнан айналайын бір бұра дедім артқа қарай. Бүйтіп бұра деп айтып үлгерген жоқпын. Бір жұлдыз сияқты ма, әппақ бірдеңе жарқ етті да. Ана баланың қасынан, видеодан көріп тұрдық. Тарс етіп өзінен өзі түсті де жоқ болып кетті ақ нәрсе. Бір адамның сұлбасындай бір нәрсе көрінді де жоқ болды.

Айнұр Даужанова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

Мына бала сап тиылды жылағаны. Сүйтті де баламыз кәдімгідей қолы қимылдап, ойыншық ойнап неғылды, нәтижесін көрсетті де. Өйткені бұл алғаш рет емес, аталарымыз да осындай әулиелі адамдар ғой, нағашы аталарымыз сондай емдейтін болған. Мен сенемін соған.

Адай Қазбеков, Травматология және ортопедия ғылыми орталығының травматолог дәрігері:

Бұл ақылға қонымсыз, ойға қонымсыз зат болып табылады. Себебі онлайн, адамды қолын ұстап көрмей адамның қолын тартпай, иығын, буын шығуын қайта қалпына келтіру мүмкін емес.

Бағдагүл Лепесованың кереметтері қашықтан буын салумен шектелсе кәні. Мүгедек арбаға танылған мына азаматша емшіге алғысын айтып жатыр, аяққа тұрдым дейді. Тағы сол елес. Әруақтар. Аталар.

Бағдагүл Лепесова, емші:

Мені қарсы алды. Залға кіріп келіп едім, ана әйел коляскіде отыр екен. Артында тұр жаңағы әруақтар. 4 ата жарқырап тұр. Әппақ киген бу сияқты. Қасыма келіп ана әйелге тұр деп айт дейді. Мен шошып кеттім. Айттым, тұрғыз деп жатыр, тұрғызыңдаршы құрсын. Екі адам келіп тұрғызып еді, ана кісі жүріп кетті. Аяғына жан бітіп.

Бір қарағанда қисынға келіңкіремейді. Бірақ емшінің айтуынша бір тылсым күш бойын билегендей болған. Бірде уатсаптағы топқа қазақтар, алаңдамаңдар, бәрі жақсы болады деп дауыс салып бата оқығанын өзі де білмей қалыпты.

Бағдагүл Лепесова, емші:

Содан бір күні ешкінің сүтін ішейін деп бір үйге барсам, содан бір әйел келіп, танымаймын, бәрі келіп, мен деген сол дауыстан жазылдым. Ана дауыс деген менің дауысым. Сүйтіп онлайн солай пайда болды. Күннен күнге адам көбейіп барады.

Бұл не қылған құдырет дерсің? Қазір Бағдагүл Лепесовада 57 WhatsApp чат бар екен. Күніне 15000 адам жүгінеді. Бұл сұрақтың психологиялық аспектісіне тоталсақ.

Айгүл, психолог:

Мәселе бұл емшіде болып тұрған жоқ. Мәселе біздің халықта болып тұр. Кейбір адамдардың психологиясында өзінің бір алданғысы келетін немесе ол адамды сынап көргісі келетін бір қиялилықтар, рефлекстер болады. Жоққа сенетін адамдардың психологиясында көбірек кездеседі.

Енді бұл жайдың діни қырына келсек. Әсілінде қазақ даласында ежелден молда ишандар дұға оқып, дем салып, үшкіріп, құлағанды тұрғызып, жанын кіргізіп келді. одан қалды әруаққа сиыну да қазақтың дүниетанымына орныққан. Бірақ рухтың елесі көрініп қашықтағы қиналғандарға ықпал етуі сирек кездеседі.

Кеңшілік Тышқан, дінтанушы:

Екі қырынан қарауға болады. Бірінші әрине руханилық, қазақта арқа дейді. Әртүрлі қасиетті әруақтардың қолдауы арқылы кейбір нәрселер болуы мүмкін. Бұны біз жоққа шығара алмаймыз. Бәленше атаның әруағы дегенде әрнәрсені анықтап айту қиын. Неге десеңіз бізде рухани әлемде жындар деген де мәселе бар. Жын да әруаққа жатады. Яғни біз көзге көрінбеген нәрсенің барлығын әруақ дейміз. Періштелер де әруақ. Өлген адамның жаны да әруақ. Әруақ деген рухтың көпше түрі ғой. Жын да рух.

Бағдагүл Лепесова, емші:

Намазхан, вахабистер не болса соны жазып, балағаттап, сен жын шайтансың, ібіліссің деп не болса соны жазып жатыр да маған.

Тылсым күш ғарыштан келеді дейді академик Зиядан Қожалымов. Яғни бұл алланың құдыреті.

Зиядан Қожалымов, Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, академик:

Халықтың ішінде әлі де он пайыздай, текті қасиеттен дарыған, неше түрлі сынықшы емшілердің бар екенін жасыра алмаймыз. Біз соларды мәпелеп абыройын асқақтатуымыз керек. Бұл жөнінде Қазақстан халық емшілері қауымдастығы тарапынан бірнеше 30 кітәп шықса, соның бірнеше кітәбында олар тарихқа енді.

Айтпақшы академик айтқан он пайыз емші бұл тәуелсіздік жылдарынан бері денсаулық министрлігінің жанынан құрылған ұйымға тіркелген 20 мыңнан аса емшіден қалғаны. Көбісі ақша қуып, жолдан тайып, я қасиеті таусылып тәуіптіктен кеткен екен. Ал кітәпқа енген, халыққа қадірлі, емші сынықшылардың тізімінде Бағдагүл Лепесова жоқ. Бәлкім енді танылып келе жатқандықтан шығар деп топшыладық. Себебі әлеуметтік желідегі жазбаларда сынықшыға айтқан рахмет пен алғыстан көз сүрінеді. Десе де әруақтарға арқа сүйеп, батамен емдеу баянды бола бермейді деп пайымдайды дінтанушы.

Кеңшілік Тышқан, дінтанушы:

Барлығына әсер етеді береді деп айтуға да болмайды. Ондай болатын болса біз бүкіл больницаларды жауып барлық емшілердің жұмысын тоқтатып, онлайн сол кісіге қойып қоймаймыз ба?

Егер шынымен де жұрттың дертіне шипа болып қонып жатса қалай емдесе де емнің жаманы болмайтын шығар деп сұрадық. Жауап – Бұл әркімнің өз таңдауы.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?