Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасында басшы ауысты

29 Наурыз 2021, 14:49
Сурет: gov.kz

Асқар Санаубаров Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Асқар Санаубаровтың екі жоғары білімі бар. 2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген, 2016 жылы - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін "агрономия" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Ботақара кентінің қазынашылық бөлімінде түрлі қызметтер атқарған. Бұқар Жырау ауданының кәсіпкерлік бөлімін басқарды.

2011 жылы Абай ауданына ауыстырылды. Ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді, содан кейін ауыл шаруашылығы бөлімін басқарды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарып келді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?