Семейде аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

30 Наурыз 2021, 11:45
Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы ПД Семей қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің және криминалдық полиция қызметкерлері ЖҚАЖ жауынгерлерімен бірлесе отырып кең ауқымды арнайы операция өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Тінту барысында жедел уәкілдер аса ірі көлемде 1,5 центнерден астам кептірілген марихуана мен 10 кг гашиш есірткі заттарын тәркіледі.

- Жедел іс-шара барысында Семей қаласының 44 жастағы тұрғыны Семей қаласына жеткізіліп, каннабис тобына жататын есірткі заттарының аса ірі партиясын сатпақ болғаны анықталды. Есірткі өткізушінің гаражынан 153 кг-нан астам марихуана және 10 кг гашиш тәркіленді, оны ол аталған қаланың тұрғындарына сатпақ болған. Тәркіленген есірткі заттарының саны 32 мың бір реттік дозадан асты, олардың «қара нарықтағы» бағасы 100 млн.теңгеден астам, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Күдікті қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясымен мүлкін тәркілей отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?