Мәжіліс ЕАЭО елдері өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші заң жобасын мақұлдады

31 Наурыз 2021, 15:20
Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметі

31 наурызда Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтіп, онда Еуразиялық экономикалық одақ елдері өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ратификациялық заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы" Заң жобасын ратификациялау Одақ шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімдердің бірыңғай тізбесіне енгізілмеген немесе енгізілген өнімдердің, бірақ Одақтың техникалық талаптары қабылданбаған не күшіне енбеген, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қауіпсіздіктің міндетті талаптары белгіленбеген өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жалпы отырыста депутаттар "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" және оған ілеспе заң жобаларын II оқылымда мақұлдады.

Жұмыс тобының заң жобасымен жұмысы барысында депутаттар:

- заң жобасының нормалары қолданылмайтын жағдайлардың толық тізбесін белгілеуге;

- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуын бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтердің өтініш беруші сатып алу процестеріне шағым жасаған кезде оған нақты мерзімдерде негізделген жауаптар беруіне; тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бергеннен және ашқаннан кейін әлеуетті өнім берушілерден қосымша құжаттарды талап етуіне тыйым салуға;

- өнім берушілердің мүдделерін қорғау мақсатында орындалған шарттар бойынша өнім берушілерге толық ақы төлеудің шекті мерзімін 30 жұмыс күні деп айқындауға; барлық жағдайларды заң деңгейінде көздей отырып, әлеуетті өнім берушілерді сатып алуға қатысудан сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен шектеу мүмкіндігін болғызбауға;

- сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін орындауға жауапты тұлға ретінде "сатып алуды ұйымдастырушы" ұғымын енгізуге; сатып алуға жосықсыз қатысушылардың әлеуетті өнім берушіні, оның ішінде сот шешімі бойынша қосу жағдайлары мен негіздері регламенттелген тізілімін қалыптастыруға бағытталған түзетулер енгізді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?