Жеке куәлік пен төлқұжатта Елтаңба бейнеленеді

lada.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2021 19:55 lada.kz
Қаулы жобасы 14 сәуірге дейін талқыланады.

ҚР МСМ Тіл саясаты комитеті Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны және оның бейнесін, сондай-ақ Әнұран мәтінін пайдалану ережелері туралы Үкіметтің қаулысына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Қаулыға сәйкес Елтаңба жеке куәлік пен төлқұжатта (паспорт) бейнеленеді, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Жобаға сәйкес Елтаңба міндетті түрде:

- Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің және Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық кеңестің, Жоғарғы соттың және жергілікті соттардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ҚР шет елдердегі мекемелерінің веб-сайттарында;

- ҚР әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында;

- Президент пен оның Әкімшілігінің, Парламенттің, оның палаталары мен олардың аппараттарының, Парламент палаталары бюроларының, Үкімет пен премьер-министр кеңсесінің, министрліктердің және Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық кеңестің, Жоғарғы сот пен жергілікті соттардың, қарулы күштер және өзге де мемлекеттік органдардың мөрлері мен құжаттарының бланкілерінде;

- Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық кеңестің және Жоғарғы соттың ресми басылымдарында;

- Ұлттық банктің банкноттары мен монеталарында, мемлекеттік бағалы қағаздарда;

- Қазақстан азаматтарына берілетін жеке куәлікке, туу туралы куәлікке, төлқұжатқа (паспорт) және өзге де төлқұжаттарға, мемлекеттік органдар мен ұйым қызметкерлерінің қызметтік куәліктеріне;

- ҚР Мемлекеттік шекарасына орнатылатын шекаралық бағаналарда бейнеленеді.

Қаулы жобасы 14 сәуірге дейін талқыланады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: