ШҚО-да 2 сәуірден бастап 15 сәуірге дейін шектеу шаралары ұзартылды

1 Сәуір 2021, 15:03
Сурет: inform.kz

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.Турдиевтің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаулыға сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 2 сәуірден бастап 15 сәуірге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылады.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Алматы облысы тарапынан 3 санитариялық бекеттің;

- Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Қарағанды және Павлодар облыстары тарапынан 3 санитариялық бекеттің;

- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына" сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

Растайтын құжаттарсыз азаматтардың облыс аумағына (-н) келуіне/кетуіне тыйым салынады.

"Қызыл" аймақтан, оның ішінде санитариялық бекеттерді кесіп өткен кезде COVID-19 коронавирустық инфекциясына ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы нәтиже берілген күннен бастап кіру сәтінде үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын анықтаманың болуы міндетті.

Еріп жүрушілерде анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балалар үшін анықтама қажет емес.

Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

Осы қаулы 2021 жылғы 2 сәуірден бастап күшіне енеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?