Президент тағы бір басшыны жұмыстан кетіретінін ескертті

Екі күн бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмектің жетіспеушілігіне байланысты "СК-Фармация" басшылығын сынға алды.
Кейбір аймақтарда сатып алынған жеке қорғаныс құралдарының тапшылығы немесе сапасының төмендігі байқалады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы коронавирустық жағдайға арналған жиында мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.
Біз "СК-Фармация" компаниясының менеджментін өзгерттік. Дәл қазір жаңа басшылықтың өз мүмкіндіктерін көрсететін сәт келді. Әйтпеген жағдайда, жұмыстан босатылады, - деді Президент.
Ерхат Есқалиев 12 шілдеде "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды. Екі күн бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмектің жетіспеушілігіне байланысты "СК-Фармация" басшылығын сынға алды. Осыдан кейін бірден "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Шәріп Берік пен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов өз өтініштері бойынша қызметінен босатылды.
Бөлісу
0
Толық оқу