Петропавлда жүргізушіден пара алған полицейлер ұсталды

2 Сәуір 2021, 17:09
Сурет: mk-kz

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Петропавл қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Олар автокөлік құралының жүргізушісінен әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны үшін 300 мың теңге көлемінде ақша қаражаты түрінде пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Бұл факт Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері фактілері бойынша немқұрайлы емес, саналы азаматтардың өтініштеріне ден қою мысалдарының бірі болды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?