Қазақстанда коронавирус пен пневмония бойынша кісі өлімі статистикасы төмендей тұр, деп хабарлайды zakon.kz.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының салдарынан 18 адам қайтыс болды. Пандемия басталғаннан бері елімізде КВИ-ден 3 110 адам қайтыс болды.
2021 жылдың 5 сәуірінде тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға қатысты ақпарат:
КВИ белгілері бар пневмонияға 17 адам шалдықты, екі науқас одан қайтыс болды, жазылып шыққан адамдардың саны - 177.
Өткен жылдың 1 тамызынан бастап тіркелген жалпы статистика: 50 832 адам КВИ белгілері бар пневмонияға шалдықты, кісі өлімі - 702, емделіп, жазылғандар - 48 956.
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?