Алматы облысында көлік қаққан төрт оқушы қыздың екіншісі көз жұмды
Алматы облысында көлік қаққан екінші оқушы қыз қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Мас жүргізуші қағып, ауруханаға түскен екінші қыз бір күн бұрын, 4 сәуірде сағат 21:00-де қайтыс болды.
Марқұм комада болған еді. Алдында оның жасанды тыныс алу аппаратына қосылғаны хабарланған. Мектеп оқушысы 8 жаста болатын. Бұл туралы Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
2 наурызда Алматы облысында мас күйінде 54 жастағы жүргізуші 8 және 9 жастағы төрт оқушы қызды қағып кетті. Олардың үшеуі Шелек ауылындағы ауруханаға жатқызылды.
14 наурызда олардың бірінің жүрегі тоқтап қалды. Марқұм қыз 9 жаста болған.
Жүргізушіге қатысты "Мас күйінде көлік құралын басқарған адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру" бабы бойынша тергеу басталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқыс оқиғаны тергеу ісін өз бақылауына алды.