Шымкентте спиртті қайта өндіретін астыртын зауыт қызметінің жолы кесілді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2021 16:41 видеодан кадр
Тәркіленген заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды.

ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері спиртті қайта өндіретін зауыт қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Заңсыз әрекет Шымкент қаласындағы кәсіпорындардың бірінің өндірістік аймағында сатып алынған 70 литр спирт қосылған сұйықтық бар автокөлікті ұстау кезінде анықталды.

Аймақ аумағын тексеру барысында тағы 25 тонна суррогат алкоголь өнімі табылып тәркіленді, сарапшылар оны 35 млн теңгеге бағалайды.

Шымкент қ. Қаратау аудандық сотының үкімімен кәсіпорын басшысы 1 жылға бостандығын шектей отырып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды.

Тәркіленген заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: