Жылқыға соғылған. Жантүршігерлік жол апатынан үш адам мерт болды

Хабар 24 Хабар 24
Шетелдік көліктің жүргізушісі, қайтыс болған ерлі-зайыптылардың күйеу баласы дене жарақаттарымен Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

3 сәуірде Самара-Шымкент тас жолына атып шыққан жылқыға көлік соғылып, үш адам мерт болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркістаннан Шымкентке қарай келе жатқан Tayota Camry 50 маркалы автокөлігі жолдың сол жағынан атып шыққан жылқыны қақққан, деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында үш адам қайтыс болды: күйеуі мен әйелі және олардың кәмелетке толмаған немересі. Шетелдік көліктің жүргізушісі, қайтыс болған ерлі-зайыптылардың күйеу баласы дене жарақаттарымен Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

Бұл факт Ордабасы аудандық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, яғни "Көлік құралын басқарған адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз