СҚО-да Lada мінген мас әйел көлігімен аударылып қалды

5 Сәуір 2021, 16:39
Сурет: polisia.kz

СҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған мас әйел жүргізуші көлігімен аударылып қалды, деп хабарлайды zakon.kz СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 сәуірде Айыртау ауданының полиция бөліміне аудан орталығы Саумалкөл селосындағы көшелерінің бірінде бір жақ бүйіріне аударылған "ВАЗ-21140" көлігі жатқаны жайлы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері зардап шекпеген, рөлде болған 34 жастағы жергілікті әйелді анықтады. Әйелден шыққан алкогольдің иісіне және өзін-өзі ұстауына байланысты тәртіп сақшылары оған медициналық куәландырудан өтуді ұсынған. Алкогольдік масаң күйі анықталды.

Істің мән-жайын анықтау барысында бұрын әйел жүргізуші масаң күйде көлік жүргізгені үшін басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Өткен жылы ішімдік ішіп алып, рөльге отыруына жол берген. Сол кездері аудандық сот оған 2,5 жылға бас бостандығын шектеу және өмір бойына басқару құқығынан айыру жазасын тағайындаған. Алайда, бұл жағдай әйелге сабақ болмаған.

Оның айтуынша, таныстарына бара жатқан, салондағы музыканың қатты даусынан рөлді басқара алмай қалған.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілміне енгізілді. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

– Өткен жылы ҚР ҚК 346-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған аудан тұрғындарының соңғысы аталған азаматша болған еді, — дейді Айыртау ауданының ПБ бастығы Марат Серкешев. — Биыл ол алғашқылардың бірі болып отыр. Масаң күйде көлік жүргізу ауыр салдарымен жол-көлік оқиғасын жасауға әкелетінін түсінген жөн. Дегенмен сот шешіміне қалай болса солай қарауға болмайды. Барлық жүргізушілерден заңнама талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз – бұл жол қозғалысының барынша қауіпсіз болуына септігін тигізеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?