Еліміздің жеті өңірінде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды
2021 жылғы 6-8 сәуір аралығында күннің жылынуына, жауын-шашынның көп түсуіне байланысты жеті өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
БҚО, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында қарқынды қар еруі және еріген қар суы ағыны пайда болуы, өзендерде су деңгейлерінің жоғарылауы күтіледі.
6 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз 6 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Ақтау қаласы бойынша: күндіз 6 сәуірде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні – 15-20 м/с.
Күндіз 6 сәуірде Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с.
6 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 6 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.
6-7 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі.
6 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 5-6 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды.
6 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қаласы: 6 сәуір түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 18 м/с.