Маңғыстау – автожолдарды жақсарту жұмыстары бойынша елімізде көш басында

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жиында баяндама жасаған облыс әкімі С.Трұмов биыл өңірде 245 шақырым жолды жаңарту және жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін айтты.

Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында еліміздегі автожолдардың жайы талқыланып, Маңғыстау облысындағы жолдардың республикада алдыңғы қатарда екені айтылды.

Жиында баяндама жасаған облыс әкімі С.Трұмов биыл өңірде 245 шақырым жолды жаңарту және жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін айтты. Яғни, Ақтау қаласы мен облыстағы 10 ауылішілік жолдар реконструкцияланып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, биыл 28,4 шақырымды қамтитын "Ақтау – Форт-Шевченко" және "Хонда" орталығынан Өмірзақ ауылына дейінгі жолды реконструкциялау бойынша 2 жаңа жобаның жұмысы басталды. Бүгінде жолдың негізін дайындау (основание) бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс алаңында 130-техника, 165 адам жұмыс істеуде. Барлық жұмыстар бекітілген құрылыс кестесіне сай жүргізіліп, шілде айында толық аяқталады деп жоспарлануда.

Оған қоса, "Жетібай-Құрық" 64 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінде аталған жолдың 8 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаны 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-04/thumbs/1617696614_photo_2021-04-06_10-30-50.jpg

Маңғыстау облысына Елбасының келген сапарында Ақтау заманауи теңіз курортына айналуы тиіс деген болатын. Бүгінде өңірде туризм дамуына аса зор көңіл бөлініп өңірдің инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Осы орайда, "МАЭК" су жинау каналынан "Құрық" паром кешеніне дейін автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын іске асыру 5 кезеңге бөлініп, бүгінге оның 4-і іске асырылды. Келесі жылы қалған 1 жобаны ("МАЭК" су алғышынан Құрық теңіз портына дейін (II – кезек) автомобиль жолын реконструкциялау" іске асыру көзделіп отыр. Өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде алдағы уақытта "Таушық-Шетпе", "Ақтау-Форт-Шевченко" автомобиль жолдарын да қайта жаңарту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарына сәйкес 164 шақырымды құрайтын "Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы" автомобиль жолын 2025 жылға дейін қайта жаңартуды жүзеге асыратын болады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-04/thumbs/1617696584_photo_2021-04-06_10-30-52.jpg

Облыста халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойында 37 сервистік қызмет көрсету орталығы бар. Оның 16-сы ұлттық стандартқа сәйкес. Биыл бұл жұмыстар да жалғасын табатын болады.

"Nur Otan" партиясының "2021-2025 жылдарға арналған "Жол картасы" аясында еліміздегі барлық өңірлік жолдардың сапасын 95% жеткізу көзделіп отыр. Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Маңғыстаудағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлық жағдайы 94% құрайтынын айтты.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-04/thumbs/1617697840_photo_2021-04-06_10-30-49.jpg

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз