Коронавирусты балаңыз жұқтырса не істеу керек?

6 Сәуір 2021, 15:42
Сурет: unicef.org

Алматыда балаларда кездесетін коронавирус белгілері мен жұқтырған жағдайда әрекет ету алгоритмі жайлы айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте коронавирустың өршуіне байланысты көптеген ата-аналарда өз балалары үшін алаңдаушылық туындағанын айтты. Ол аурудың алғашқы белгілері – балаларда дене температурасының көтерілген жағдайда қайда жүгіну керектігін айтты.

Алматының барлық тұрғындарының телемедицина орталығына 3000-505 немесе 1312 телефондары бойынша (ұялы телефондардан тегін) өз бетінше хабарласу мүмкіндігі бар.

- Сондай-ақ, тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға баруға және мобильді бригаданы шақыруға болады, - деді Лаура Мырзағали.

Кішкентай балалар иіс сезуді жоғалтқан кезде, оны түсіндіре алмайды, сондықтан, ата-аналар балалардың температурасына назар аударуы керек, өйткені коронавирустың нақты белгілері жоқ және ауру әдеттегі ЖРВИ-ге ұқсауы мүмкін.

Сонымен қатар, балалар мен ересектерде коронавирустың алдын-алу шаралары бірдей. Адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу керек, бетперде киіп, қолды антисептикпен жиі өңдеу керек. Сондықтан ата-аналар жағдайды біліп, баланың жағдайын мұқият бақылауы керек.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?