Алматы облысы ішкі саясатына 62 жастағы басшы тағайындалды

6 Сәуір 2021, 15:59
Сурет: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы әкімінің өкімімен Рахмет Разбекұлы Есдәулетов Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Рахмет Есдәулетов бұған дейін Алматы облысының дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.

Ал ішкі саясат басқармасы бастығының міндетін Гүлмира Маупашева атқарып келді. Маупашеваға Баталовтың көңілі толмаса керек, сірә, деп пайымдайды nege.kz.

Алматы облысының әкімі А.Баталов әне-міне зейнетке шағатын адамды аса жауапты салаға неге басшы етті? Әлде облыста білікті кадр тапшы ма? Мұның себебі мынада болса керек: дәл қазір Баталовқа ескі гвардияның "өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын" өкілі керек-ақ. Әсіресе, өзі жиі сүрініп қалатын ішкі саясатта, дейді басылым.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?