Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтан Білім басқармасының басшысы бюджет ақшасына қол сұқты деген күдікке ілінді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2021 23:50 zakon.kz
Ол құрал-жабдықтар сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын ысырап етті деп күдікке ілінді.

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол құрал-жабдықтар сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын ысырап етті деп күдікке ілінді.

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының көтермеленген бағамен жабдық сатып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелгенін растай аламын. Тиісті сараптамалық қорытынды бар. Бірақ одан кейінгі нәтижелер туралы айтуға әлі ерте, тергеу амалдары жүргізілуде, - деді Олжас Бектенов ОКҚ-дағы брифингте.

Бұл факт туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда астанадағы білім басқармасының бастығы дағдарысқа қарсы іс-шараларға бөлінген 869 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінгені айтылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: