Павлодарда мәлихат депутаттары көшелердің жаңа атауларын мақұлдады

7 Сәуір 2021, 15:20
Сурет: pavlodarnews.kz

Павлодар қалалық мәслихат депутаттары қаладағы көшелердің жаңа атауларын мақұлдады. Сессия барысында қалалық мәслихат депутаттары ономастикалық комиссия ұсынған 23 көшенің жаңа атауын бірауыздан қолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Рavlodarnews.kz сайтының хабарлауынша, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева өңір тұрғындары тарапынан әртүрлі тұлғалардың құрметіне көше атауларын беруге қатысты ұсыныстар түсетінін, алайда олардың барлығы ережеге сай келмейтінін атап өтті.

- 2020 жылы болған мораторийге байланысты облыс тұрғындары мен еліміздің басқа да өңірлерінің тұрғындары тарапынан бірқатар көше атауларын ауыстыруға қатысты 70-тен астам өтініш түскен болатын. ҚР 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес көпшілік тыңдау өткізілді. 7 көше бойынша идеологиялық маңызы бар ақпараттық жұмыс жүргізу қажеттілігіне байланысты кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. 23 көше қалалық мәслихаттың қарауына ұсынылды, - деді Светлана Гладышева.

Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары атауын өзгертуге ұсынылған көшелерде аншлагтарды ауыстыру демеушілер есебінен қарастырылғанын жеткізді. Әрі қарай құжаттар республикалық ономастикалық комиссияға жіберіледі.

Қайта атауға ұсынылған көшелердің тізімі келесідей:

Мир көшесі – Олжабай батыр көшесі
Ермаков көшесі - Мұстафа Шоқай көшесі
Набережная көшесі - Шоң би көшесі
Урицкий көшесі - Генерал Смағұлов көшесі
Циолковский көшесі - Бауыржан Момышұлы көшесі
Роза Люксембург көшесі - Қазақ радиосы көшесі
Теплов көшесі - Бөгенбай батыр көшесі
1 Южная көшесі – Бірлік көшесі
2 Южная көшесі - Қаукен Кенжетаев көшесі
Парковая көшесі - Мұқағали Мақатаев көшесі
Донецкая көшесі - Мағжан Жұмабаев көшесі
Кубанская көшесі - Қалмұқан Исабаев көшесі
Совхозная көшесі - Рафика Нұртазина көшесі
Таганрогская көшесі - Қазанғап би көшесі
Ангарская көшесі - Нағымбек Нұрмұхамедов көшесі
Читинская көшесі - Аманжол Шамкенов көшесі
Декабристов көшесі - Қамар Қасымов көшесі
Молодежная көшесі – Жастар көшесі
Юннатов көшесі - Дихан Әбілов көшесі
1 Советов, 2 Советов көшесі - Генерал Бәкіров көшесі
Зыряновская көшесі - Қабдыкәрім Ыдырысов көшесі
Саянская көшесі - Алма Әжібаева көшесі
Лесная көшесі - Ағайынды Дүсенбиновтер көшесі

Еске сала кетейік, көпшілік тыңдауда кейбір көшелерді қайта атау бойынша ұсыныстар талқыланды. Қоғам ұсынған 30 атаудың 23-і мақұлданды және жетеуі қабылданбады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?