Жаңалықтар тізбегі
0

Алмас Кішкенбаевтың ажырасқанын естігенде анасы инсульт алған

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2021 22:24 видеодан кадр
Шаңырағының шайқалуы, артық салмақ, алып-қашпа әңгімелер Алмас Кішкенбаевты терең күйзеліске ұшыратты.

Қазақстандағы алғашқы музыкалық телевизиялық музыкалық шоу – Superstarkz-тің жеңімпазы әнші Алмас Кішкенбаев шығармашылығы, сахнадан неге көрінбей кеткені жайында "Ең алғашқы" бағдарламасына ақтарыла сұхбат берді.

Superstarkz жеңімпазы танымал байқаудан кейін продюсер Ләйля Сұлтанқызымен жұмыс істеп, сапалы әндер, бейнебаяндар түсіріп, бір демде бүкіл ел танитын жарық жұлдызға айналды. Алайда жеке өміріндегі сәтсіздіктер оның шығармашылығына да салқынын тигізді. Шаңырағының шайқалуы, артық салмақ, алып-қашпа әңгімелер Алмас Кішкенбаевты терең күйзеліске ұшыратты. Алмастың ажырасуы әншінің анасына да ауыр соққан. Жайсыз хабарды естіген анасы тіпті инсульт алған.

Алмасты анасы жеткізді, осында (ред. еск. – Қызылорда) үйлену тойын жасады. Алмастың ажырасқанын естігенде екінші рет инсульт алды, сөйлемей қалды. Қатты жылады. "Мөлдірдің берген уәдесі қайда?" деді. Кезінде махаббат сезімі болған шығар. Бар кезде батып ішті, Алмас қатты қиналғанда неге оған демеу бермеді? Оны жақсы көргені қайда? Неге ол екі қызды екі көзін жылтыратып, жетім қылып қояды? деп көзіне жас алды Алмастың анасының көршісі Роза Құрбанқызы.

Әлі де жүрек жарасы жазылмаса керек, әншінің өзі бұл тақырып жайында ашылып айтудан бас тартты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: