Алматыда Toyota Windom мен BMW-ның жарысы апатпен тынды

zakon.kz zakon.kz
BMW мінген жүргізуші жылдамдығын 160-қа дейін жеткізіп үлгергенін мақтанып айтып қалды.

Алматының Қарасу шағын ауданында түнгі сағат екіде 2000 және 2001 жылы туған екі кластас кездескен, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірінің астында Toyota Windom, екіншісі BMW мінген. Содан кімнің көлігі жылдам екенін анықтамақ болып, жарысайық деп шешіпті. Сүмбіле көшесінде екеуі көлікпен қатар тұра қалып, орындарынан ышқына қозғалып, бәйгелесе жөнелді.

Түнгі жарыстың нәтижесі жаман аяқталды: екі-үш көшеден өткеннен кейін Toyota жолдан ұшып кетіп, газ құбырының бірнеше тіреуішін жапырып, біреудің үйінің қоршауына соғылып, аударылып қалды.

BMW-да жолдан шығып, арықтан секіріп, біреудің құрылысы бітпеген үйін соғып, бір рет аударылып алды. Екі бала да аман-сау.

Бірақ әлгі кластастар көліктерін алып кету үшін жекеменшік эвакуатор шақырып, оңай құтыла салмақ болған. Алайда жапырылған газ құбырларын көрген эвакуатор жүргізушілері бұларға көмектесуден бас тартып, босқа шақырғаны үшін өздерінен ақша талап етті.

Сол арада оқиға орнына полиция да жетті. BMW мінген жүргізуші жылдамдығын 160-қа дейін жеткізіп үлгергенін мақтанып айтып қалды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-04/1617858080_1617846714_img_00252.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-04/1617858127_1617846771_img_00273.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-04/1617858125_1617846713_img_00334.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-04/1617858089_1617846813_img_0015.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-04/1617858180_1617846756_img_00056.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз