Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда мембағдарламамен салынған көпқабатты үй шетінен сөгіліп жатыр

Астана ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2021 17:42 Астана ТВ
Әкімдіктегілер бұл үй мемлекеттік меншікке жатпайтынын айтты.

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған зәулім үй шетінен үгіліп жатыр. Сыртқы кірпіш қаптама тура жаяу жүргіншілер жүретін жерге опырылып түскен, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Адамдар подъезден шығуға қорқады. Шенділерден көмек сұрайды.

Біздің үй құлады, дәл менің көз алдында құлады. Біз бұған неге төзуіміз керек? Төтенше жағдайдан адамдар келді, олар шашылған кірпіштерді жинап алып, кетіп қалды.Енді біз осы жыртық үйде осылай өмір сүруіміз керек пе, - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Мәлік.

Жалға алушылардың айтуынша, үй іс жүзінде жап-жаңа. Ол тоғыз жыл бұрын ғана мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған. Бірақ соңғы жылдардағы проблемалар будақ-будақ туындай бастаған. Кәріз құбырлары шіріп жатыр, жаңа ғимараттар мезгіл-мезгіл қар суы алып кетеді, енді үйдің сыртқы қаптамасы үгіліп жатыр, - деп шағымданады халық.

Таңғы тоғыз кезі болатын. Бақытқа орай, қайта қазір балалар үйде, онлайн оқиды, әйтпесе бұл арадан оқушылар көп жүреді, өйткені ана арада 64 мектеп бар. Барлығы осы жерден өтеді. Қайта адам өлімі болған жоқ. Сонда қандай да бір жамандықтың орын алғанын күтуіміз керек пе, ең жаманы сол, билік тарапынан әрекет жоқ, ештеңе болмағандай, - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Абзал Асанов.

Алматы ауданының әкімдігі төтенше жағдай болған жерді зерттедік дейді. Алайда, сарапшылар сараптама жасалмайынша, шенеуніктер мәселені жоя алмайды. Алайда оны тұрғын үй иелеріне өз қаражаттары есебінен жасау ұсынылып отыр.

Бұл үйде пайдалану мерзімі шарттағы кезеңге жетпегендіктен, бізге мұндай техникалық зерттеу жүргізу қиын. Сондықтан, оны тұрғындар өз қаражаты есебінен жасай алады. Ол үшін тәуелсіз сарапшыларды тарту керек, - дейді Алматы ауданы бойынша тұрғын үй басқармасы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы Рүстем Әбдірашев.

Шенеуніктер мұндай сараптаманы үйдің салынғаны 10 жылдан астам уақыт болғанда ғана жасай алады. Сондықтан тұрғындарға тәуелсіз сарапшыларды жалдаудан басқа амал жоқ секілді. Ал ол қымбатқа түседі. Бірақ осыдан кейін де жаңа ғимаратты жөндеу мүмкін бе, ол да күмәнді жайт. Әкімдіктегілер бұл үй мемлекеттік меншікке жатпайды деп түсіндірді. Демек, пәтер иелері оны өз есебінен ретке келтіруі керек болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: