Қазақстанда барлық докторлық диссертациялар онлайн-режимде қорғалады

ҚР БҒМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2021 22:52 ҚР БҒМ баспасөз қызметі
Докторантураға қабылдау электрондық форматта, ал диссертацияларды қорғау онлайн-режимде жүргізіледі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына түсу ережелері өзгертілді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді докторантураға қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады. Өткен жылы бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде тиімділігін көрсетті.

Пандемияға байланысты студенттер мен магистранттарға қорытынды жұмыстарын онлайн форматта қорғауға рұқсат етілді. Егер дипломдық жұмыс немесе магистрлік диссертация онлайн форматта қорғалған болса, студенттерден "мөр" мен "қолтаңба" талап етудің қажеті жоқ.

Сонымен қатар, енді барлық докторлық диссертация желіде трансляциялау арқылы онлайн-режимде қорғалатын болады. Бұл ғылыми жұмыстарды қорғау рәсімінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: