Жаңалықтар тізбегі
0

Жанболат Зиадиннің жаңа лауазымға тағайындалуына қатысты түсінік берілді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2021 16:39 zakon.kz
2020 жылы ол карантин кезінде тойда болғаны үшін қызметінен босатылған. Бұл жайт элиталық автокөліктер кортежі жол ережелерін бұзып, блок-посттан емін-еркін өткені белгілі болғаннан соң қолға алынған ресми тексеру кезінде анықталды.

Алматы облыстық ПД бұған дейін Алматы қаласы ПД-ның жоғары лауазымнан босатылған Жанболат Зиадиннің аудандық полиция басқармасына басшылық қызметке тағайындалуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметі 2020 жылдың сәуірінде Зиадиннің карантиндік режимді бұзғаны үшін "жұмыстан шығару" түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын, яғни Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы қызметінен босатылғанын еске түсірді.

ҚР Еңбек кодексінің 65-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жұмыс бабындағы теріс қылығы үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін. Полиция полковнигі Зиадин түрлі басшылық қызметтерде болған және ішкі істер органдарында үлкен тәжірибеге ие (20 жылдан астам). Сонымен қатар Зиадин Талғар аудандық полиция басқармасына басшысы лауазымына 2021 жылы 5 ақпанда тағайындалғанын хабарлаймыз, - дейді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция оның жаңа қызметі бұрынғы лауазымнан бір саты төмен екенін де атап өтті.

Таяуда Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Жанболат Зиадиннің Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы болып тағайындалғаны белгілі болды. 2020 жылы ол карантин кезінде тойда болғаны үшін қызметінен босатылды. Бұл жайт элиталық автокөліктер кортежі жол ережелерін бұзып, блок-посттан емін-еркін өткені белгілі болғаннан соң қолға алынған ресми тексеру кезінде анықталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: